Accessibility links

Қырғызстанда бүгін бірнеше рет жер сілкінді


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Бүгін таңертең Қырғызстан аумағында үш рет жер сілкінді деп хабарлайды Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістеме-тәжірибелік орталығы.

Астана уақыты бойынша таңертеңгі сағат 8:35 кезінде Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 486 километрде 4,1 магнитудалы жер сілкінісі тіркелген.

Бұның алдында, сағат 6:46 шамасында (Астана уақытымен), Алматыдан батысқа қарай 467 шақырымда 3,6 магнитудалы жер сілкінісі болған.

Ал таңғы сағат 6:15 кезінде Алматыдан батыс бағытта 473 километрде 5,1 магнитудалы жер сілкінісі тіркелген.

Жер сілкінісінен зардап шеккендер туралы мәлімет түспеген.

XS
SM
MD
LG