Accessibility links

Меркель: ЕО босқындар мәселесін бірге шешуі тиіс


Германия канцлері Ангела Меркель.

Германия канцлері Ангела Меркель.

Германия Христиан-әлеуметтік одағы төрағасы Хорст Зеехофер ел аумағына мигранттардың келуін шектеу туралы талабын орындаудан канцлер Ангела Меркель бас тартқан соң, бұл мәселені жалпыхалықтық талқылауға шығаратыны туралы мәлімдеді.

Жұма күні елдегі билеуші коалиция құрамына кіретін Христиан-әлеуметтік одағының съезінде сөйлеген Меркель Германияға келетін мигранттарды шектеу туралы ұсынысты қабылдамайтынын кезекті мәрте айтқан еді. Оның сөзінше, Германияға келетін мигранттар санын шектеу тек қана халықаралық және Еуропа Одағы қабылдаған шешімдер аясында ғана іске асырылуы мүмкін.

Канцлер Еуропа Одағының сыртқы шекарасын қорғау және Түркиямен заңды миграция туралы келісім бекіту қажеттігін айтқан. Мемлекеттің «жеке-дара» қабылдаған шешімінен гөрі әлгіндей шаралар анағұрлым тиімді және әділ болмақ деп санайды Ангела Меркель.

XS
SM
MD
LG