Accessibility links

БҰҰ ҚК «Ислам мемлекеті» тобына қарсы қарар қабылдады


БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысы. (Көрнекі сурет.)

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысы. (Көрнекі сурет.)

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі жұма күні өткізген отырысында ұйымға мүше елдерді «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобымен күресу үшін «барлық қажетті шараларды» қолдануға шақыратын қарар жобасын бірауыздан мақұлдаған.

Францияның ұсынысы бойынша қабылданған қарарда Сирия мен Ирак жеріндегі ИМ және «әл-Нусра майданы» тобының «ұясын жою» туралы айтылған. Бірақ, Қауіпсіздік кеңесінің шешімін орындау үшін әскери күш қолдануға мүмкіндік беретін БҰҰ Жарғысының жетінші бабына сілтеме жасалмағандықтан, бұл қарар әскери операциялар жүргізуге заңды негіз бола алмайды дейді сарапшылар.

Бұған дейін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі «Әл-Қаида» террорлық ұйымына қарсы санкциялар, ИМ тобын қаржыландырудың алдын алу және содырлар қатарына жаңа адамдар тартуға жол бермеу шаралары қарастырылған бірнеше қарар қабылдаған еді.

XS
SM
MD
LG