Accessibility links

"Қайрат" футболдан Қазақстан кубогын иеленді


"Қайрат" футбол командасының ойыншылары. (Сурет команданың ресми сайтынан алынды.)

"Қайрат" футбол командасының ойыншылары. (Сурет команданың ресми сайтынан алынды.)

Алматының «Қайрат» футбол командасы бүгін өткен финалдық ойында «Астана» командасын 2:1 есебімен жеңді.

Астана қаласында өткен шешуші матчтың 28-минутында бәсекелестің қақпасына алғашқы допты алаң иелерінен Патрик Твумаси салды.

Ал 48-минутта «Қайрат» ойыншысы Джордже Деспотович есепті теңестіріп кетті. 70-минутта осы футболшы «Қайраттың» пайдасына тағы бір гол соғып, команданы алға шығарды. Матч соңына дейін осы есеп өзгерген жоқ.

«Қайрат» командасы осымен екінші жыл қатарынан Қазақстан кубогын ұтып отыр.

«Астана» ойыншылары биылғы Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанып, «Қайрат» күміс жүлдегер атанған еді.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG