Accessibility links

Малидегі шабуылда Ресей азаматтары мерт болған


Radisson Blu мейманханасы алдында тұрған БҰҰ-ның броньды автокөлігі мен адамдар. Бамако, Мали, 20 қараша 2015 жыл.

Radisson Blu мейманханасы алдында тұрған БҰҰ-ның броньды автокөлігі мен адамдар. Бамако, Мали, 20 қараша 2015 жыл.

Мали астанасындағы мейманханаға содырлар шабуылы салдарынан қаза тапқандар арасында Ресей азаматтары да бар. Бұл туралы бүгін Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова хабарлады.

«Олардың аты-жөндері мен нақты саны туралы расталған ақпарат қол тиген соң сыртқы істер министрлігі тиісті мәлімдеме жасайды» деген ол.

Мали билігінің хабарлауынша, жұма күні болған шабуыл салдарынан 21 адам қаза тапқан.

Ел астанасы Бамакодағы Radisson Blu мейманханасын жұма күні оншақты қарулы содыр басып алып, қонақүйге түскен және онда жұмыс істейтіндерді – жиыны 170 адамды кепілге алған. Олардың көпшілігі шетел азаматтары болған. Бұл шабуылға жауапкершілікті «Әл-Қаида» террорлық ұйымымен байланысы бар экстремистік топ мойнына алған.

Мейманханаға шабуылдан соң Мали билігі елде он күнге төтенше жағдай жариялаған.

XS
SM
MD
LG