Accessibility links

Түркияда "ИМ-ге қатысы бар" үш күдікті ұсталды


Түркия полициясы ұсталған адамды алып барады. Кония, 27 қазан 2015 жыл. (Көрнекі сурет.)
Түркия полициясы ұсталған адамды алып барады. Кония, 27 қазан 2015 жыл. (Көрнекі сурет.)

Түркия полициясы Париждегі терактілерді ұйымдастыруға қатысы бар деген күдікпен Бельгия азаматын ұстаған.

Шыққан тегі мароккандық 26 жастағы Ахмет Дахмани бүгін Анталия қаласындағы қонақүйде қолға түскен. Сол күні жақын маңнан сириялық екі азамат ұсталған. Ол екеуін Дахманиге Сирия шекарасынан өтуіне көмектесу үшін «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы жіберген деп хабарланды.

Осы аптаның басында Түркия билігі «Ислам мемлекеті» тобымен байланысы бар деген күдікке ілінген Марокконың сегіз азаматын елден депортациялаған.

Франция астанасында 13 қарашада болған терактілер салдарынан, соңғы деректер бойынша, 130 адам мерт болған. Бұл қылмыс үшін жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы мойнына алған.

XS
SM
MD
LG