Accessibility links

Мьянмада көшкіннен ондаған адам опат болды


Мьянма көрінісі. (Көрнекі сурет)
Мьянма көрінісі. (Көрнекі сурет)

Мьянманың солтүстігінде орналасқан Качин штатындағы нефрит шахтасында көшкін жүріп, салдарынан кемінде елу адам опат болған деп хабарлайды ВВС оқиға куәгерлеріне сілтеме жасап.

Қаза тапқандардың көпшілігі шахтадан шығарылған қалдықтар арасынан қымбат тас түйіршіктерін іздеуші кедейлер екені айтылады.

Көшкін салдарынан жергілікті тұрғындардың ондаған лашығы қираған.

Өте жоғары сапалы нефрит өндірілетін Качин штатында көшкін жиі болып тұрады.

Қазан айында Global Witness құқыққорғау ұйымы жариялаған баяндамада Мьянмада ірі көлемде қымбат тастарды ұрлауға елдегі әскери билікпен байланысы бар нефрит өндіруші компаниялар жауапты екендігі айтылған.

XS
SM
MD
LG