Accessibility links

Пан Ги Мун АҚШ пен Ресейді терроризмге қарсы бірігуге шақырды


БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун.
БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун АҚШ пен Ресейді терроризмге қарсы бірлесіп күресуге шақырды.

«Адамзат бұл террористер мен идеологиялық экстремистерді жеңуі тиіс» деген Пан Ги Мун бүгін Малайзия астанасы Куала-Лумпурде өтіп жатқан Оңтүстік-Шығыс Азия елдері ассоциациясының (АСЕАН) саммитінде.

«Осыған байланысты біз бірігуіміз қажет. Біз ортақ дұшпанымыз – «Ислам мемлекеті» ұйымы мен өзге де кейбір экстремистік және террористік топтар төндірген қауіпке қарсы ғаламдық ынтымақтастық танытуымыз керек» деген БҰҰ бас хатшысы.

Саммитте АҚШ президенті Барак Обама өз елі мен оның одақтастары «Ислам мемлекеті» ұйымына қарсы күресті босаңсытпай, осы топ жетекшілерінің ізіне түсіп, оларды қаржыландыру жолын қиюды жалғастыра беретінін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG