Accessibility links

Обама: Путин ұшақ құлатқандармен күресуі керек


АҚШ президенті Барак Обама (оң жақта) және Ресей президенті Владимир Путин. Түркия, 16 қараша 2015 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама (оң жақта) және Ресей президенті Владимир Путин. Түркия, 16 қараша 2015 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама Ресей үшін Сирияда Башар Асадтың режиміне қарсы тұрған оппозициямен емес, «Ислам мемлекеті» экстремистік тобымен күресуге қатысты «стратегиялық шешім» қабылдайтын шақ туды деп санайды. Ол бұл туралы Малайзия астанасы Куала-Лумпурде бүгін аяқталған Оңтүстік-Шығыс Азия елдері ассоциациясының (АСЕАН) саммитінен кейін баспасөз мәслихатында айтқан.

Ақ үй басшысы Ресей президенті Владимир Путинге қарата айтқан сөзінде Синай түбегінде ресейлік жолаушылар ұшағын кім құлатқанын оның есіне салды. Өз сөзінде Обама ресейлік ұшақ апатына және оның бортындағы 224 адамның ажалына «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы кінәлі екенін атап айтты.

«Путин ресейлік азаматтарды өлтіргендермен күрескені жөн» деген Обама.

31 қазанда Египеттің Шарм-эш-Шейх қаласынан Санкт-Петербургке бара жатқан ресейлік жолаушылар ұшағы апатынан борттағы 224 адам түгел қаза тапқан. Апатқа жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы мойнына алған.

XS
SM
MD
LG