Accessibility links

Македония шекарасында мигранттар наразылық танытты


Македония-Грекия шекарасындағы мигранттар наразылығы. 22 қараша 2015 жыл.
Македония-Грекия шекарасындағы мигранттар наразылығы. 22 қараша 2015 жыл.

Македония мен Грекия шекарасында 22 қарашада бір мыңға таяу мигрант пен босқын наразылық танытты. Македония билігі наразылық танытушыларды босқын емес, экономикалық мигранттар деп атайды.

Шекарадағы Гевгелия бекетіндегі наразылық Македония билігі босқындарды соғыс жүріп жатқан Сирия, Ирак немесе Ауғанстаннан келгенін растайтын құжаты болмаса қабылдаудан бас тарта бастағаннан соң басталған.

Қарсылық танытушылардың көпшілігі Иран, Ливия, Марокко, Сомали мен Бангладештен барғандар.

Шекарада тікенек сым темірлі қоршаудан өте алмай тұрған мигрантттар Азаттыққа Македонияға өтіп, ары қарай Еуропаға бару үшін шекарада тұрғандарына бірнеше күн болғанын айтады.

Скопье Сербия мен Хорватия Сирия, Ирак пен Ауғанстаннан өзге елдерден шыққан және Македония арқылы өз территорияларына енгісі келетін мигранттарды кері қайтаратынын мәлімдеген соң мигранттарды қабылдауда жаңа шектеулер енгізген.

XS
SM
MD
LG