Accessibility links

Қараңғыда қалған Қырым

Демалыс күндері Херсон ауданындағы Чаплинка кентінде бірнеше жарылыс болды. Қырым блокадасы азаматтық акциясы штабы өкілдері «Қырымға электр қуатын жеткізетін желі үзілді, жөндеуге келмейді» деп хабарлады. Ресей аннексиялап алған Қырымда жексенбіге ауған түні электр қуаты өшіп қалды. Қырым билігі түбекте төтенше жағдай режимі енгізілгенін хабарлады. 22 қараша күні таңертең кейбір елді мекендерге электр энергиясы берілді. Қараңғыда қалған Симферопольдегі жағдайды Азаттықтың Қырым қызметі ұсынған галереядан көре аласыз.


XS
SM
MD
LG