Accessibility links

ИМ-нің Тунистегі бөлімі бақташы баланы өлтірген


ИМ содырлары. (Көрнекі сурет).

ИМ содырлары. (Көрнекі сурет).

"Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының Тунистегі бөлімі - "Джунд әл-Хилафа" тобы тунистік қой бағатын жасөспірімді өлтіргенін мәлімдеді. ИМ 16 жастағы Мабрук Солтаниді Тунис армиясына "ИМ-нің орталық Сиди Бузид провинциясындағы әрекеттері туралы ақпарат берді" деп айыптап, басын алған.

Интернетте 22 қарашада жарияланған видеода "Джунд әл-Хилафа" тобы Солтани Тунис армиясына "ақша үшін содырлар туралы мәлімет берді" деп айыптайды. Бірақ жасөспірім оны жоққа шығарады. Видео соңында содырлар Солтаниді өлтіріп, "басқалардың да басын алуға келгендерін" айтады. Бұдан соң содырлар Солтанидің басын онымен бірге жүрген 14 жастағы балаға марқұмның үйіне апарып беруді тапсырады.

Мабрук Солтанидің өлімі Тунисте жаппай наразылық тудырды.

Тунис ішкі істер министрлігі Солтанидің өліміне қатысы бар деген күдікпен бес адамның тұтқындалғанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG