Accessibility links

Иранда Washington Post журналисі сотталды


Washington Post басылымының журналисі Джейсон Резаян.
Washington Post басылымының журналисі Джейсон Резаян.

Иран соты Washington Post басылымының журналисі, "тыңшылық жасады" деп айыпталған Джейсон Резаянға түрме жазасын кесті. Бұл туралы Иран сотының өкілі Голамхосейн Мохсени Эджеиге сілтеме жасаған жергілікті ақпарат құралдары хабарлады.

Баспасөз жиынында сөйлеген Эджеи "Иранға қарсы тыңшылық жасады" деп айыпталған журналиске түрмеде отыру жазасы кесілгенін айтқанымен, сот үкімі жайлы егжей-иегжейлі айта алмайтынын жеткізген. Оның сөзінше, журналист сот үкіміне шағымдана алады.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, Резаянның адвокаты Лейла Ахсан өзінің үкімнен хабарсыз екенін айтқан. 11 қазанда Эджеи Резаянның айыпты деп танылғанын хабарлаған.

Иран мемлекеттік телеарнасы Washington Post-тың Тегерандағы бюросының басшысы Резаянды бұған дейін бірнеше рет "америкалық тыңшы" деп атаған. Washington Post басылымы мен журналистің отбасы мұны жоққа шығарады.

Иран және АҚШ азаматы, 39 жастағы Резаян өткен жылдың шілдесінен бері қамауда отыр. Журналистің соты биыл мамырда басталып, жабық түрде өткен. Баспасөз құқығын қорғау ұйымдары оған тағылған айыптарды жалған деп атаған.

XS
SM
MD
LG