Accessibility links

Министр: 156 миллиард теңге игерілмей тұр


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстанда биыл он айда игерілмеген 156 миллиард теңге бюджет қаржысы игерілмей қалды деп хабарлады бүгін қаржы министрі Бақыт Сұлтанов. Жергілікті агенттіктердің хабарлауынша, бұл жайлы Сұлтанов үкіметтің селекторлық жиынында мәлімдеген. Бюджет қаржысының игерілуі жайлы баяндаған Сұлтанов қаржыны бөлуге қатысты органдар мен мемлекеттік органдар бюджетін жобалағанда "көп қаржы сұрап, оны игере алмай жататынын" айтады.

"Бюджеттің орындалуы барысы мемлекеттік органдар мен қаржы әкімшілерінің бұрынғыдай, оңды-солды өмір сүргісі келетінін көрсетіп отыр. Бұл бюджетті жоспарлауда да, оны орындау кезінде де және біз тексергеннен кейін де көрінеді. Биылдың өзінде ғана бюджет комиссиясы бюджетті жоспарлау кезінде сұралған екі триллион теңгенің өтінішін қайтарып тастадық. Өткен жылы ықшамдап, қайтарып тастаған шығындарды олар келесі жылы қайта сұрайды" деген Сұлтанов.

"Мемлекеттік органдар да қаржыны игеруде салақтық танытып тұр. Тоғыз айда 37 миллиард теңге игерілмей қалса, бір ай өткеннен кейінгі игерілмей қалған қаржы көлемі 156 миллиард теңгеге жеткен. Негізінен қаржыны ұлттық экономика министрлігі, қорғаныс министрлігі, білім және ғылым министрлігі мен ішкі істер министрліктері игере алмай отыр. Ұлттық экономика министрлігі 39,6 миллиард теңге (оның ішінде 30 миллиард теңге "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша) бюджет қаржысын игере алмай қалған" деген қаржы министрі.

Бақыт Сұлтановтың айтуынша, мемлекеттік органдардан бөлек облыстар мен қалаларға бөлінген 29 миллиард теңге де игерілмей тұр.

XS
SM
MD
LG