Accessibility links

ІІМ терактілер туралы хабарламаны жоққа шығарды


Полиция көлігі. Көрнекі сурет

Полиция көлігі. Көрнекі сурет

Қазақстанның ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілерде таралған ірі сауда орталықтарында болуы мүмкін терактілер туралы ақпаратты жоққа шығарды. Министрлік: «WhatsApp мобильді мессенджерін пайдаланушылар арасында ІІМ-іне сілтеме жасалып, ірі сауда орталықтарында терроризм актісінің жасалуы мүмкіндігі туралы ақпараттар тарай бастады. Қазақстан Республикасының ІІМ бұл ақпаратты растамайды» деп хабарлады.

ІІМ азаматтарды дәйекті көздерден алынған ақпараттарға ғана сенуге шақырады. Бұған дейін министрлік 129 адам қаза тапқан Парижде 13 қарашада болған шабуылдардан соң кейбір объектілерде тексеру мен бақылаудың күшейтілгенін хабарлаған еді.

XS
SM
MD
LG