Accessibility links

Сирия әскері ИМ-нен кейбір территориясын қайтарды


Сирия әскері Куейрис әскери базасын алған сәтте. Алеппо, 11 қараша 2015 жыл.

Сирия әскері Куейрис әскери базасын алған сәтте. Алеппо, 11 қараша 2015 жыл.

Сирия армиясы елдің орталық Хомс провинциясында "Исламм мемлекеті" экстремистік ұйымы бақылауындағы біраз аумақты қайтарып алды.

Сирия мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, Сирия әскері мен президент Башар Асад билігін қолдайтын әскери топтар ИМ содырларына "ауыр соққы беріп", Хомстың оңтүстік-шығысындағы Хаварин елді мекені мен Махин қаласын алған.

Ұлыбританияда орналасқан Syrian Observatory for Human Rights ұйымы Ресей әскери ұшақтары мен тікұшақтары қолдаған Сирия әскерінің кейбір территорияны басып алғанын растады.

Ұйым Махин, Хаварин мен оынң айналасында болған ұрыста 50 шақты содыр мерт болғанын да хабарлады.

Сирия үкіметі енді әл-Карьятин қаласы мен содырлар мамыр айында басып алған ежелгі Пальмира қаласын қайтаруды көздейді.

XS
SM
MD
LG