Accessibility links

Польша босқындар квотасы келісімін қайта қарамақ


Польша премьер-министрі Беата Шидло.

Польша премьер-министрі Беата Шидло.

Польшаның жаңа үкіметі Париждегі терактілер Еуропа Одағының биыл жыл басында қол қойылған босқындарға арналған квота туралы келісімін қайта қарауға мәжбүрлейді деп мәлімдеді.

"Париждегі терактілерден кейін жағдай өзгерді. Біз қайтадан келіссөз бастап, бұрын қабылданған шешімдердің дұрыстығын қайта қараймыз. Біз босқындарға арналған бұл квоталарды қабылдауға дайын емес сияқтымыз" деді Польша премьер-министрі Беата Шидло.

Польшаның еуропашыл бағытты қолдайтын бұрынғы оңшыл үкіметі қыркүйекте босқындарды квотамен қабылдау туралы келісімді қолдаған. Бірақ "Құқық және әділеттілік" партиясы қараша айында құрған жаңа үкімет Польшаның ұстанымын қайта қарауға ниетті.

Польша Венгрия, Чехия және Словакиямен 120 мың босқын қабылдау туралы келісімді қолдауда келісе алмаған. Бұл келісім бойынша, Польша осы кезге дейін қабылдап қойған екі мың босқынға қоса тағы 4 мың 500 адам қабылдауы керек болатын.

Биыл Еуропа Одағы елдеріне Таяу Шығыс пен Африкадағы соғыс пен кедейшіліктен бас сауғалаған 800 мыңға таяу босқын барған.

XS
SM
MD
LG