Accessibility links

Мәжіліс бюджетке өзгерістерді мақұлдады


Парламент мәжілісі, Астана. (Көрнекі сурет).

Парламент мәжілісі, Астана. (Көрнекі сурет).

Парламент мәжілісі бүгін "2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар жобасын мақұлдады.

Бюджет жобасына түзету мен өзгерістер енгізуге Қазақстан экспорттайтын шикізат бағасының арзандауынан "елдегі әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарына түзету жасау" себеп болған.

Мәжіліс комитетінің тұжырымдамасына сай, Қазақстанда жалпы ішкі өнімнің өсімі 2015 жылы 1,2 пайызды, 2016 жылы 2,1 пайызды, ал 2017 жылы 3,6 пайыз болады деп болжанған.

Жобаны таныстырған ұлттық экономика вице-министрі Марат Құсайыновтың айтуынша, 2015 жылғы бюджет жобасы макроэкономикалық көрсеткіштерге нақты болжам жасай отырып даярланған.

- Республикалық бюджет кірісі 2015 жылы трансферттрді есептемегенде 3 триллион 174,25 миллиард теңге деп болжанып отыр. Бұл - бекітілген жоспардан 45,8 миллиард теңгеге төмен. Ұлттық қордан бөлінетін трансферт көлемі бекітілген 1 триллион 702 милилард теңге мөлшерінде сақталған, - деді Құсайынов парламентте.

Заң жобасында 2015 жылғы бюджет шығындары 7 триллион 179,2 миллиард теңге деп болжанған. Бұл - бұрын бекітілген жоспардан 66,5 миллиард теңгеге аз.

XS
SM
MD
LG