Accessibility links

Азаптаудан сақтандыру кеңесінің есебі тыңдалды


Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті өкіл комиссиясының отырысы. Астана, 24 қараша 2015 жыл. (Сурет адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметінен алынды)
Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті өкіл комиссиясының отырысы. Астана, 24 қараша 2015 жыл. (Сурет адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметінен алынды)

Астанада бүгін Адам құқығы жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіровтің төрағалық етуімен азаптауға қарсы ұлттық сақтандыру механизмін үйлестіру кеңесінің жиыны өтті деп хабарлайды адам құқығы жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметі.

Жиында кеңестің түрмедегі тұтқындарға дұрыс қарамауды ескерту жөніндегі жұмыстары, оның ішінде 2015 жылғы жұмысының алдын ала нәтижесі, кәсібилік пен жұмыстың тиімділігін арттыру жайы талқыланған.

Шәкіровтің айтуынша, ұлттық сақтандыру механизмін үйлестіру кеңесі мүшелері 2015 жылдың 10 айында 450 түрмеге (оның 17-сі - жабық түрме) барған.

"Ұлттық азаптаудан сақтандыру механизмі кеңесінің мүшелерінің әлеуетін арттыру жөнінде тренингтер жалғасып жатыр. "Қыркүйек айының өзінен бері халықаралық және ұлттық сарапшылардың қатысуымен психиатриялық мекемелерге мониторинг жасау және мониторинг жасайтын адамдардың қауіпсіздігі жөнінде тренингтер өтті" деді Асқар Шәкіров.

Жиында бұған қоса ұлттық азаптаудан сақтандыру механизміне қатысуға өтініш беру басталғаны және азаптаудан сақтандыру механизмін үйлестіру кеңесіне мүшелердің жартысының қайта сайланатыны хабарланған. Заң бойынша, үйлестіру кеңесінің құрамы екі жыл сайын жаңаланып отыруы тиіс.

XS
SM
MD
LG