Accessibility links

Польша босқындар квотасын қайта қарайды


Польша премьер -министрі Беата Шидло. Көрнекі сурет
Польша премьер -министрі Беата Шидло. Көрнекі сурет

Польшаның жаңа үкіметі дүйсенбі күні Париждегі терактіден соң Еуропа Одағымен 2015 жылдың басында келісілген босқындарды қабылдау туралы квотаны қайта қарау қажеттігі туғанын мәлімдеді.
«Парижден соң ситуация өзгерді», - деді журналистерге Польшаның жаңа премьер-министрі Беата Шидло. – «Бұрын ұсынылған шешімнің қаншалықты дұрыс екенін және бір сараптауға тиіспіз. Босқындарға арналған бұл квотаны қабылдай алмаймыз».

Еуропашыл бағытты ұстанатын Польшаның бұрынғы оңшыл үкіметі қыркүйекте босқындарды қабылдаудың квотасын қолдаған еді. Алайда "Құқық пен әділдік" партиясынан құрылған жаңа үкімет Польшаның ұстанымын қайта қарамақшы.

Польша мыңдаған босқынды қабылдауды мақсат тұтқан Венгрия, Чех Республикасы және Словакиямен келісімнен бас тартты. Бұл жоспарға сай Польша бұғанға дейін қабылдаған 2000 адамға қоса тағы 4500 босқынды қабылдауы тиіс болатын.

Таяу Шығыс пен Африка елдеріндегі аштық пен соғыстан қашқан 800 000 мигрантты бөліп алу туралы келісімді қайта қарау Польша сияқты Шығыс және Орталық Еуропа елдерінің Брюссельмен келіспеушілігін ұлғайта түсті.

XS
SM
MD
LG