Accessibility links

Сергей Лавров Түркия сапарынан бас тартты


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Көрнекі сурет.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Көрнекі сурет.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров жергілікті БАҚ өкілдеріне 25 қарашаға жоспарланған Түркия сапарынан бас тартқанын хабарлады.

Ресейлік сыртқы саясат ведомствосының басшысы ресейліктерді Түркияға барудан бас тартуға шақырды.

Ресей сыртқы істер министрлігі таратқан мәлімдемеде: "Түркиядағы терроризм қаупі Египеттен кем емес" деп жазылған.

Сейсенбі күні түрік-сирия шекарасында түрік әскерилері ресейлік Су-24 ұшағын атып түсірген еді. Анкара "бөтен ұшақтың өз территориясына ескертуге қарамай кіріп кеткенін" мәлімдеген. Ресей қорғаныс министрлігі ұшақтың Сирия кеңістігінде болғанын айтады.

XS
SM
MD
LG