Accessibility links

Тунисте төтенше жағдай жарияланды


Тунис астанасында жарылыс болған жерде жүрген полицейлер. 24 қараша 2015 жыл.

Тунис астанасында жарылыс болған жерде жүрген полицейлер. 24 қараша 2015 жыл.

Тунисте президенттің күзетшілерін алып келе жатқан автобустағы жарылыстан 12 адам қаза тапқан соң төтенше жағдай жарияланды. Ел астанасы Тунисте коменданттық сағат енгізілді. Тунис президенті Беджи Каид Эс-Себси мемлекет "терроризммен соғыс жағдайында тұрғанын" мәлімдеп, халықаралық қауымдастықты экстремизмге қарсы ынтымақтастыққа шақырды. Президенттің өзі күзетшілеріне шабуыл жасалған автобуста болмаған.

Тунисте бұған дейін жағажайдағы Сусс қаласында қарулы адам көпшілігі шетелдік 38 адамды өлтірген соң төтенше жағдай жарияланып, ол қазан айында аяқталған.

Солтүстік Африкадағы зайырлы мемлекет Тунис исламшыл содырлар ең көп шығатын ел саналады. Ресми мәлімет бойынша, Тунистің кем дегенде 3 мың азаматы Ирак пен Сирияда содырлар қатарында соғысып жүр.

XS
SM
MD
LG