Accessibility links

"Натали турс" Түркияға туристік жолдама сатуды тоқтатты


Түркияның Мармарис курортты қаласы. (Көрнекі сурет).
Түркияның Мармарис курортты қаласы. (Көрнекі сурет).

Ресейдегі ірі туристік операторлардың бірі - "Натали турс" компаниясы Түркия ресейлік Су-24 ұшағын атып түсіргеннен кейін 24 қарашадан бастап Түркияға туристік жолдама сатуды тоқтататынын хабарлады.

Компания Ресей мен бұрынғы советтік республикалардағы филиалдарында "тұрақсыз саяси жағдайға" байланысты Түркияға туристер жіберуді тоқтататынын мәлімдеді. "Натали турстің" сайтында Қазақстан, Украина және Беларусьте де Түркияға туристік қызмет көрсету тоқтағаны айтылған.

Өткен жылы Түркияға Ресейден 4,5 миллион турист барған. Бұл - Түркияға жыл сайын баратын жалпы туристер санының 12 пайызын құрайды.

Түркия 24 қарашада Сириямен шекарада елдің әуе кеңістігін бұзды деп ресейлік Су-24 әскери ұшағын атып түсірген. Бірақ Мәскеу ұшақ Түркия шекарасын бұзғанын жоққа шығарып, оның Сирия аумағында құлағанын айтады.

Ресей президенті Владимир Путин ұшақты атып түсірудің Ресей-Түркия қарым-қатынасына кері әсер ететінін мәлімдеген. Сыртқы істер министрі Сергей Лавров 25 қарашаға жоспарлаған Түркияға сапарынан бас тартты.

XS
SM
MD
LG