Accessibility links

Франция: ЕО босқын қабылдауды шектеу керек


Франция премьер-министрі Мануэль Вальс.

Франция премьер-министрі Мануэль Вальс.

Франция премьер-министрі Мануэль Вальс Еуропа Одағы (ЕО) Таяу Шығыстан келетін босқындарды қабылдауға шектеу енгізуі тиіс деп мәлімдеді.

"Біз Еуропаға бұдан артық босқын қабылдай алмаймыз, бұл мүмкін емес. ЕО-ның сыртқы шекараларын бақылау одақтың болашағы үшін өте маңызды" деді Вальс еуропалық ақпарат құралдарына, оның ішінде Германияның Sueddeutsche Zeitung басылымына берген сұхбатында.

3 қарашада Парижде бірнеше теракт болып, 132 адам қаза тапқан. Шабуылдарды "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы мойнына алған. Вальс бұған дейін Париждегі шабуылдардың кейбірі Еуропадағы босқындар мәселесін "өз әрекетін байқатпай жасауға пайдаланып кетті" деген.

Париждегі терактілерге дейін Вальс ЕО-ның босқындар мен мигранттар мәселесін шешу стратегиясын қолдап келген еді.

XS
SM
MD
LG