Accessibility links

Алматыда құрылысшылар жалақысын талап етті


Алматыдағы құрылыс орныдарының бірі. (Көрнекі сурет).

Алматыдағы құрылыс орныдарының бірі. (Көрнекі сурет).

Алматыда орналасқан «Жер Олжа» құрылыс компаниясының бір топ жұмысшысы (шамамен 20 шақты) жалақыларын уақытында ала алмайтындарын айтып наразылық танытты. Сылақшы Клара Ділдабекованың Азаттыққа айтуынша, жұмысшылар соңғы екі айдан бері еңбекақыларын алмаған.

- Осы кеңсенің алдында ақша сұрап жүргенімізге бүгін үшінші күн болды. Осы жерде тұрғандардың барлығы - бригадирлер. Негізгі жұмысшылар қазір құрылыс басында. Ақша сұрасақ үш мың, бес мың тенгеден ғана беріп қояды, - дейді Ділдәбекова.

Ал аталған компанияның қаржы жөніндегі директоры Олеся Владиславовна «жұмысқа тапсырыс берушілердің әлі қаржы аудармағанын", дегенмен "осы аптаның соңына дейін тиесілі жұмысшылардың еңбекақыларын толық төлейтіндерін» айтты.

  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG