Accessibility links

Тәжік парламенті интернетті бұғаттауды заңдастырды


Тәжікстан парламенті. (Көрнекі сурет).
Тәжікстан парламенті. (Көрнекі сурет).

Тәжікстан парламенті "Терроризммен күрес туралы" заң жобасына өзгерістер мен толықтыруларды мақұлдап, антитеррорлық операциялар өткен күні телефон және интернет байланысын бұғаттауды заңдастырды.

Азаттықтың Тәжік редакциясының хабарлауынша, заңға сай Тәжікстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетіне антитеррорлық операциялар кезінде телефон және интернетті бұғаттауға құқық беріледі.

Тәжік парламентінің төменгі палатасы - Межлис намояндагон депутаты Хайрулло Суфиев қабылданған түзетулер елде антитеррорлық операциялар жүрген кезде "ақпараттық салаға кедергі келтіруге мүмкіндік бермейтінін" айтады.

XS
SM
MD
LG