Accessibility links

"Астана" мен "Бенфика" тең ойнады


Астана" футбол командасының ойыншылары.

Астана" футбол командасының ойыншылары.

«Астана» командасы футболдан чемпиондар лигасының топтық кезеңінің бесінші турында Португалияның «Бенфика» ойыншыларымен кездесуде 2:2 есебімен тең түсті.

Қарашаның 25-і күні Астанада өткен ойында «Астана» командасы матчтың бірінші таймында 2:0 есебімен алға шыққанымен, «Бенфика» футболшылары бірінші таймның соңы мен екінші таймда есе қайтарып, есепті теңестіре білді.

Бұл ойын нәтижесі бойынша «Астана» үш ұпай алды. Енді ол Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне шығуға ғана таласа алады.

«Астана» командасы енді 8 желтоқсанда Түркияның «Галатасарай» клубымен кездесіп, топтық кезеңдегі ойынды аяқтайды.

XS
SM
MD
LG