Accessibility links

АҚШ ресейлік банк пен шенеунікке санкция салды


Дүниежүзілік шахмат федерациясының басшысы, Ресей құрамындағы Калмыкияның экс-президенті Кирсан Илюмжинов.

Дүниежүзілік шахмат федерациясының басшысы, Ресей құрамындағы Калмыкияның экс-президенті Кирсан Илюмжинов.

АҚШ төрт жеке тұлға мен алты компанияға, оның ішінде Ресей банкі мен бұрынғы шенеунігіне Сирия президенті Башар Асадты қолдағаны үшін санкция салды.

АҚШ қаржы министрлігі 25 қарашада «Ресей қаржы альянсы» банкіне Сирия үкіметімен қаржылық транзакция жасағаны үшін санкция салғанын хабарлады.

Санкция тізіміне осы банкке қатысы бар тағы екі ресейлік тұлға – Дүниежүзілік шахмат федерациясының басшысы, Ресей құрамындағы Калмыкия республикасының бұрынғы президенті Кирсан Илюмжинов пен «Ресей қаржы альянсы» банкі басшыларының бірі Мудалал Хури де ілінген. Хуримен байланысы бар бірнеше компания, оның ішінде Мәскеуде орналасқан Hudsotrade Limited компаниясына да санкция салынған.

АҚШ санкция салған төрт адамның бірі - сириялық бизнесмен Джордж Хасвани. Қаржы министрлігі оны «Ислам мемлекеті» экстремистік тобынан Сирия үкіметінің мұнай сатып алуына делдал болған деп санайды.

АҚШ аталған адамдар мен компаниялардың активтерін бұғаулап, америкалықтардың олармен кез-келген келісім жасасуына тыйым салған.

XS
SM
MD
LG