Accessibility links

ІІМ: Козлов өзін босатуды сұрап өтініш берді


Владимир Козлов құқықорғаушылармен кездесіп отыр. Заречный түрмесі. Алматы облысы. 21 шілде 2015 жыл.
Владимир Козлов құқықорғаушылармен кездесіп отыр. Заречный түрмесі. Алматы облысы. 21 шілде 2015 жыл.

Қазақстандық оппозициялық саясаткер, Жаңаөзен оқиғасына байланысты сотталып, түрмеде отырған Владимир Козлов өзін мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шығаруды сұрап өтініш берген. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары (ІІМ) Берік Бисенқұловқа сілтеме жасап жергілікті агенттіктер хабарлады.

Астанада «Қазақстан Республикасы – Еуропа Одағы» адам құқығы жөніндегі диалог отырысында сөйлеген Бисенқұловтың айтуынша, Козловтың өтініші 27 қарашада қаралмақ. Ол Козловқа сот кескен жаза мерзімі 2019 жылдың 22 шілдесінде аяқталатынын айтады.

Қазақстанда ресми тіркелмеген «Алға» оппозициялық партиясының бұрынғы жетекшісі Владимир Козлов 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасы кезінде «әлеуметтік алауыздық туғызған» деген айыппен сотқа тартылып, 2012 жылы жеті жарым жылға бас бостандығынан айырылған. Қазақстандық кейбір құқық қорғау ұйымдары оны «саяси тұтқын» деп таныған.

Владимир Козлов қазір жазасын Алматы облысының Заречный кентіндегі ЛА155/14 түрмесінде өтеп жатыр.

XS
SM
MD
LG