Accessibility links

ҰҚК: Астанада "ИМ-ге кіруге үндеген" үш адам сотталды


Астана қалалық соты. (Көрнекі сурет.)

Астана қалалық соты. (Көрнекі сурет.)

Астанада «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобы қатарына кіруге үндеген үш азамат сотталды деп хабарлады Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметі.

ҰҚК ақпаратында Астананың Сарыарқа аудандық соты жергілікті үш тұрғынды «ИМ қатарына кіруге үндеу арқылы радикалды діни идеологияны насихаттаған» деп айыптап, ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру және олардың жеке мүліктерін тәркілеу туралы үкім шығарғаны жазылған.

Бірақ, ҰҚК бұл үш азаматтың нақты қанша жылға сотталғаны туралы айтпаған.

Астана соты қазан айында ИМ-ді террористік ұйым деп танып, Қазақстан аумағында оның қызметіне тыйым салған.

XS
SM
MD
LG