Accessibility links

Пхеньян мен Сеул келіссөз өткізді


Шекарадағы Пханмундж бекетінде қарама-қарсы тұрған Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея шекарашылары.
Шекарадағы Пханмундж бекетінде қарама-қарсы тұрған Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея шекарашылары.

Солтүстік Корея мен Оңтүстік Корея билігі өкілдері бүгін шекарадағы Пханмунджом аймағында 2010 жылдан бері тоқтап тұрған екі жақты қарым-қатынастарды қайта бастау үшін келіссөз жүргізді.

Екі ел тамызда шекарада туындаған жанжалдан соң келіссөзді қайта жандандыруға келіскен. Ол жанжалда Оңтүстік Кореяның екі сарбазы жараланған.

Солтүстік Корея Кымган курортты тауына трансшекаралық турдың қайта жанданғанын қалайды. Бұл курорт оқшауланып қалған Солтүстік Корея үшін табыс көзі саналады. Оңтүстік Корея Пхеньянның 1951-1953 жылдардағы Корея түбегінде болған соғыста екі ел бөлінгенде ажырап кеткен отбасыларды тұрақты түрде табыстырып тұруды қолдағанын қалайды.

Екі елдің байланысы 2010 жылы Оңтүстік Кореяның әскери кемесі торпедодан атқыланып суға батып кеткеннен кейін нашарлаған. Сеул әскери кемесін солтүстік кореялық сүңгуір кеме атқан деп санайды. Сол жылы кейінірек Солтүстік Корея оңтүстік кореялық әскерилер территориялық теңіз шекарасын бұзды деп Оңтүстік Корея аралын атқылаған.

XS
SM
MD
LG