Accessibility links

Қырғызстанда дінтанушыны сабап кетті


Қырғызстандағы "Дін, құқық және саясат" орталығының жетекшісі Қадыр Мәліков.

Қырғызстандағы "Дін, құқық және саясат" орталығының жетекшісі Қадыр Мәліков.

Қырғызстанда дінтанушы Қадыр Мәліковті сабап кетті деп хабарлады елдің денсаулық сақтау министрі Талантбек Батыралиев. Министр дінтанушыға дәрігерлік көмек көрсетілгенін, оның жағдайы қанағаттанарлық екенін айтты.

Қадыр Мәліковтің әкесіне сілтеме жасаған полициядағы дереккөздің айтуынша, оны кешкі сағат 7 шамасында үйінің жанында сабап, бетіне пышақ салып алған. Дінтанушы Бішкектегі 4-ауруханаға жеткізілген.

Саясаттанушы Қадыр Мәліков - "Дін, құқық және саясат" орталығының жетекшісі.

XS
SM
MD
LG