Accessibility links

Путин: Ресей ИМ-мен күресте коалициямен ынтымақтасады


Франция президенті Франсуа Олланд (сол жақта) пен Ресей президенті Владимир Путин. Мәскеу, 26 қараша 2015 жыл.
Франция президенті Франсуа Олланд (сол жақта) пен Ресей президенті Владимир Путин. Мәскеу, 26 қараша 2015 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин Сириядағы «Ислам мемлекеті» экстремистік тобымен күресте АҚШ бастаған халықаралық коалицияға қосылу ниетінен Мәскеудің айнымағанын мәлімдеді.

Кремльде Франция президенті Франуса Олландпен кездесуден соң баспасөз конференциясында сөйлеген Путин екі ел Сирияға қатысты ынтымақтастығын күшейтуге келіскенін айтты. Путин Түркияның ресейлік әскери ұшақты атып түсіруін «Ресей өзіне дос деп санайтын елдің сатқындығы» деп атады.

Олланд Ресей мен Франция тек ИМ және өзге де исламшыл экстремистік топтармен күресуге келіскенін мәлімдеді.

Батыс елдері Мәскеуді негізінен өздері қолдайтын, Сирия президенті Башар Асад әскерімен соғысып жатқан көтерілісшіл топтарға қарсы операция жүргізіп жатыр деп айыптайды.

Олланд Франция бұған қоса Сирияда ИМ-мен соғысып жатқан көтерілісшілерге қолдауды күшейтетінін де айтты.

XS
SM
MD
LG