Accessibility links

Бельгия террорлық қауіп деңгейін төмендетті


Брюссельде метро станциясында тұрған қарулы полиция жасағы. Бельгия, 25 қараша 2015 жыл.

Брюссельде метро станциясында тұрған қарулы полиция жасағы. Бельгия, 25 қараша 2015 жыл.

Бельгия билігі Брюссельдегі террорлық қауіп деңгейін ең жоғарғы төртінші деңгейден үшіншіге төмендетті.

Қалада бір аптаға жуық уақыт қоғамдық орындар мен мекемелер қызметін тоқтатып, мектептер, университеттер мен метро жабылып, көшеге әскери күзет қойылған болатын.

Бұған дейін 21 қарашада Бельгия үкіметі осының алдында Франция астанасында болғандай терактілер Брюссельде де болуы мүмкін деп ескерткен соң, жоғары деңгейлі терроризм қаупі жарияланып, қауіпсіздік шаралары ерекше күшейтілген еді.

Парижде 13 қарашада болған терактілер салдарынан 132 адам қаза тауып, 350-ден асам адам жараланған. Бұл шабуылдарға күдікті саналатын, бірнеше жыл бойы Брюссельде тұрған Сала Абделслам әлі іздеуде жүр. Париждегі шабуыл кезінде денесіне байлаған бомбаны жарып жіберіп қаза тапқан оның ағасы Брахим де Брюссельде тұрған.

XS
SM
MD
LG