Accessibility links

Түркия Ресей елшісіне наразылық білдірді


Түркия елшілігі алдында наразы топ Түркия туын өртеп тұр. Мәскеу, 25 қараша 2015 жыл.

Түркия елшілігі алдында наразы топ Түркия туын өртеп тұр. Мәскеу, 25 қараша 2015 жыл.

Түркия сыртқы істер министрлігі (СІМ) осы елдің қарулы күштері ресейлік әскери ұшақты атып түсіргеннен кейін Ресейдегі түрік миссиялары мен бизнесіне қарсы оқиғаларға наразылық білдіру үшін Анкарадағы Ресей елшісін шақырды.

СІМ 26 қарашада таратқан ақпаратта ресми Анкараның «төзуге болмайтын оқиғаға» және Ресейдегі түрік компанияларына қарсы іс-қимылдарға наразылығын білдіргені айтылған.

СІМ мәлімдемесінде Ресейдегі түрік кеңселері «наразылық танытушылар кейпіне енгендердің шабуылына ұшырағанын», Ресей билігіне сол елдегі Түркия елшілігі мен басқа да өкілдіктерін қорғауды күшейтуді ескерткенін хабарлаған.

25 қарашада Мәскеуде наразылық танытушылар Түркия елшілігін жұмыртқа және таспен атқылап, елшілік ғимаратының терезесін сындырған.

Полиция акциядан соң ұзамай елшілік айналасын тазартып, бірнеше адамды тұтқындаған.

24 қарашада Түркия әскери-әуе күштері Сириямен шекарада Ресейдің Су-24 бомбалаушы ұшағын атып түсірген. Түркия әскерилері ресейлік ұшақтың «елдің әуе кеңістігін бұзып, ескертуді елемегенін» айтады. Бірақ Мәскеу ол ұшақтың «Сирия аумағындағы әуе кеңістігінде жүргенін» айтып, Түркия шекарасын бұзғанын жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG