Accessibility links

Ресей Түркиямен теңіз жаттығуынан бас тартты


Ресейдің Қара теңіз флотының әскерилері. (Көрнекі сурет.)

Ресейдің Қара теңіз флотының әскерилері. (Көрнекі сурет.)

Ресей өз әскери Су-24 ұшағын Түркияның атып түсіруіне жауап ретінде BLACKSEAFOR Қара теңіз әскери-теңіз тобының оқу-жаттығуына қатыспайтын болды. Бұл туралы бүгін Ресей мемлекеттік думасы қорғаныс комитетінің басшысы, адмирал Владимир Комоедов мәлімдеді.

Ол бұған қоса Түркиядан Ресей әскери-теңіз флотының өкілі, Қара теңіз флотының Түркия әскери-теңіз күштерімен жұмысын үйлестірушісін қайтарып алғанын да айтты. Ол Ресейдің Түркиядағы қорғаныс істері және құрлықтағы әскер бойынша атташесін шақыртып алу мүмкін екенін де жеткізген.

BLACKSEAFOR жедел әрекет ететін Қара теңіз әскери тобы 2001 жылы құрылған. Оның құрамына Ресей, Украина, Болгария, Грузия, Румыния және Түркия кіреді.

XS
SM
MD
LG