Accessibility links

Киев: Луганск облысында екі ресейлік ұсталды


Украинаның Луганск облысының Ресеймен шекарасында тұрған украин шекарашысы. (Көрнекі сурет.)
Украинаның Луганск облысының Ресеймен шекарасында тұрған украин шекарашысы. (Көрнекі сурет.)

Украина шекарашылары Луганск облысының Меловое елдімекенінде Ресей ішкі істер министрлігі ішкі әскерінің киімін киген екі ресейлікті ұстаған. Бұл туралы Facebook әлеуметтік желісінде Украина мемлекеттік шекара қызметінің хатшысы Олег Слободян хабарлады. Оның сөзінше, ұсталғандар Краснодар өлкесінің Армавир кентіне «емтихан тапсыруға бара жатып адасып кеткендерін» айтқан. Армавир ресейліктер ұсталған жерден 600 километр қашықтықта орналасқан.

Украина жағы оқиғаға байланысты тексеріс жүргізіп жатыр. Ресей тарапы бұл оқиғаға қатысты әзірше ресми түсінік бермеді.

Украина бұған дейін шекарадан заңсыз өтіп кеткен бірнеше ресейлікті ұстаған.

Киев пен Батыс елдері Ресейді Донбастағы сепаратистерді қару-жарақ және әскермен қамтамасыз етеді деп айыптайды. Бірақ Мәскеу Украина шығысындағы қақтығысқа қатысы барын жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG