Accessibility links

Парижде теракт құрбандарын еске алды


Париждегі теракт құрбандарын еске алу. 27 қараша 2015 жыл.

Париждегі теракт құрбандарын еске алу. 27 қараша 2015 жыл.

Парижде бүгін осыдан екі апта бұрын, 13 қарашада болған терактілер құрбандарын еске алды. Париж көшелері мен кеңселерде Франция туы төмен түсіріліп, қаладағы әскери мұражайда өткен терактілер құрбандарын еске алу рәсіміне 2 мыңға тарта адам жиналды.

Франция президенті қатысқан еске алу шарасы құрбандарды бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды. Еске алуда шабуылдардан құрбан болған 132 адамның аты-жөні оқылды. Рәсім соңында әскерилер елдің әнұраны "Марсельезаны" шырқады.

Еске алуға құрбандардың туыстары мен зардап шеккендер де қатысты.

13 қарашада Парижде бірнеше жерде болған терактілерді "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы мойнына алған.

XS
SM
MD
LG