Accessibility links

ЕҚЫҰ Астанада адам саудасы жайлы семинар өткізді


ЕҚЫҰ белгісі. (Көрнекі сурет)

ЕҚЫҰ белгісі. (Көрнекі сурет)

ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі адам саудасының құрбандарына жәрдем беру және әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша әлеуметтік жұмыскерлерге арналған семинар өткізді.

Астанада өткен семинарда Астана, Алматы, Қостанай және Шымкент қалаларында адам саудасының құрбандарына әлеуметтік қызметтерді көрсету жұмыстарына қатысатын 130-ға жуық жұмыскерге, аймақтық әкімшіліктер мен денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің лауазымды тұлғаларына, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне тиісті қызметтерді көрсетудің жаңа стандарттары таныстырылды.

Семинар барысында адам құқықтарының бұзылуының ықтимал салдары мен адам саудасының трансұлттық қырлары, құрбандардың қабылдану және сәйкестендірілу шарттары, құрбандарға көрсетілетін көмек пен қызметтердің стандарттары сөз болды.

Әлеуметтік қызметтердің стандарттарын ведомство аралық жұмыс тобы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің қолдауымен биыл дайындаған. Құжат Қазақстан заңдарына және ЕҚЫҰ адам саудасымен күресі бойынша іс-қимылдар жоспарына сәйкес құрылған.

XS
SM
MD
LG