Accessibility links

Украина: Ресей бізге көмір сатуды шектеп тастады


Украинаның энергетика мен көмір өндірісі министрі Владимир Демчишин.

Украинаның энергетика мен көмір өндірісі министрі Владимир Демчишин.

Украинаның энергетика мен көмір өндірісі министрі Владимир Демчишин Ресейдің өз еліне көмір сатуды шектеп тастағанын хабарлады.

Министрдің сөзінше, Шығыс Украинадағы көмір кеніштерін басып алған ресейшіл сепаратистер де көмір жөнелтуді тоқтатып қойған. Демчишин Украинада бір айлық қана көмір қоры қалғанын хабарлап, ендігі бар үмітті Оңтүстік Африкадан отын алдыруға артатынын айтты.

Сейсенбі күні Ресейдің энергетика министрі Александр Новак өздері былтыр Украинадан аннексиялап алған Қырымға электр қуатын жеткізуді үзіп тастағаны үшін Мәскеудің Киевті жазалайтынын ескерткен. Жуырда белгісіз топ Украинадан Қырымға тартылған жоғары кернеулі электр желісіне нұқсан келтіріп, түбек түгелімен жарықсыз қалған.

Көмір Украинаның 44 пайыз энергетикалық мұқтаждығын жауып тұр. Дәл осынша үлес елдегі атом электр стансаларына тиесілі.

XS
SM
MD
LG