Accessibility links

Эгей теңізінде қайық апатынан алты бала суға кеткен


Теңіз бетіндегі құтқару құралдары. (Көрнекі сурет.)
Теңіз бетіндегі құтқару құралдары. (Көрнекі сурет.)

Эгей теңізінде Түркиядан Грекияға бара жатқан мигранттар отырған екі қайық апатқа ұшырап, салдарынан алты бала опат болған. Бұл туралы түркиялық баспасөз құралдары хабарлаған.

Сирия мен Ауғанстаннан шыққан елуден аса босқын отырған бір қайық Түркияның Айваджык қаласына жақын маңда суға батып кеткен. Жиырма адам отырған екінші қайық Бодрум қаласы тұсында теңізде аударылып қалған.

Соңғы жылдары Түркия қарулы қақтығыстар ошағына айналған елдер – Сирия, Ирак пен Ауғанстаннан Еуропаға қашқан босқындар басып өтетін негізгі транзиттік жолдардың біріне айналды. БҰҰ босқындар ісі жөніндегі мекемесінің деректері бойынша, биыл жыл басынан бері 900 мыңға жуық босқын мен еңбек мигранттары Еуропа елдерінен баспана және жұмыс табуды көздеп Жерорта теңізін кесіп өткен. Бірақ бірнеше мың адам үшін бұл бағыт ақтық сапарға айналды – көп адам тасымалдауға есептелмеген қайықтардың шамадан тыс салмақты көтере алмай, ашық теңізде адамдармен бірге су батып кететін қайғылы оқиғалар жиі қайталанады.

XS
SM
MD
LG