Accessibility links

Ресей аз санды халықтарды қолдау ұйымын "шетел агентіне" жатқызды


Ресейдегі «Мемориал» құқыққорғау ұйымы кеңсесінің қабырғасындағы «Шетел агенті» деген жазу. Мәскеу, 21 қараша 2012 жыл. (Көрнекі сурет.)
Ресейдегі «Мемориал» құқыққорғау ұйымы кеңсесінің қабырғасындағы «Шетел агенті» деген жазу. Мәскеу, 21 қараша 2012 жыл. (Көрнекі сурет.)

Ресей билігі «Солтүстіктің аз санды байырғы халықтарын қолдау орталығы» аймақаралық қоғамдық ұйымын «шетел агенті» саналатын коммерциялық емес ұйымдар тізіміне енгізді.

Ресей әділет министрлігі сайтында жұма күні жарияланған хабарламада мұндай шешім «құжатты жоспарлы тексеру қорытындысы» бойынша қабылданғаны айтылған.

Қазіргі уақытта Ресей әділет министрлігі «шетел агенттері» тізіміне алған ұйымдар саны жүзден асқан.

Ресейде 2012 жылы қабылданған заң шетелден қаржыландырылатын, саяси қызметпен айналысатын ұйымдарды «шетел агенттері» ретінде арнайы тізімде тіркелуге міндеттейді. Былтырдан бері Ресей әділет министрлігіне үкіметтік емес ұйымдарды әлгі тізімге мәжбүрлі түрде кіргізу құқығы берілген.

XS
SM
MD
LG