Accessibility links

Нигерияда ондаған адам шабуылдан мерт болды


Нигерия тұрғындары "Боко Харам" экстремистік тобына қарсы шарада тұр. (Көрнекі сурет.)

Нигерия тұрғындары "Боко Харам" экстремистік тобына қарсы шарада тұр. (Көрнекі сурет.)

Нигерияның Кано қаласында жұма күні мұсылман шиттер шеруіне жасалған жанкештілік шабуылдан жиырмадан аса адам мерт болған. Билік орындары террорлық шабуылды «Боко Харам» экстремистік тобы ұйымдастырған деп санайды.

Полиция тағы бір жарылғыш затты іске қосып үлгермеген екінші жанкештіні қолға түскенін хабарлады. Қазір ол адамнан тергеушілер жауап алып жатыр.

Нигерияның солтүстік-батысында әрекет ететін, өздерін сүннитпіз деп санайтын «Боко Харам» исламшыл радикалдар тобы бұған дейін «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымына бағынуға серт беретіні туралы мәлімдеген. «Боко Харам» шиттерді діннен безгендер деп атап, оларға қарсы шабуылдарды жиі жасайды.

Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымының деректері бойынша, соңғы алты жылда «Боко Харам» экстремистік тобының қолынан жиырма мыңнан аса адам қаза тауып, олардың бақылауындағы аймақтан екі миллионнан аса адам бассауғалап кетуге мәжбүр болған.

XS
SM
MD
LG