Accessibility links

Ермек Тұрсыновтың "Жат" фильміне NETPAK жүлдесі берілді


«Жат» фильмінің режиссері Ермек Тұрсынов (оң жақта) пен басты рөлде ойнаған актер Ержан Нұрымбет. Алматы, 23 қыркүйек 2015 жыл.

«Жат» фильмінің режиссері Ермек Тұрсынов (оң жақта) пен басты рөлде ойнаған актер Ержан Нұрымбет. Алматы, 23 қыркүйек 2015 жыл.

Эстония астанасы Таллинн қаласында өтіп жатқан «Қараңғы түндер» халықаралық кинофестивалінде киносыншылардың NETPAK жүлдесі қазақстандық режиссер Ермек Тұрсыновтың «Жат» көркем фильміне берілді деп хабарлайды Tengrinews сайты.

Фильмнің продюсері Қанат Төребайдың айтуынша, азиялық үздік кино туындысына берілетін сыйлықты NETPAK қазылар алқасына биыл төрағалық еткен ресейлік киносыншы Кирилл Разлогов табыс еткен.

Бұған дейін режиссер Ермек Тұрсыновтың «Жат» фильмі АҚШ киноакадемиясының «Оскар» жүлдесінен үміткер шетелдік 81 туындының қатарына енген еді. Фильм биыл Канаданың Торонто қаласындағы Contemporary world cinema кинофестивалінде көрсетілген.

Ермек Тұрсыновтың бұдан 25 жыл бұрын жазған дипломдық жұмысы бойынша түсірілген «Жат» фильмінің сюжеті 1930 жылы аштық кезінде тауға кетіп, сонда өмір сүруге қалған адам туралы шынайы оқиғаға құрылған.

XS
SM
MD
LG