Accessibility links

АҚШ-та атыс барысында үш адам қаза тапты


Полиция өкілдері атыс болған жерде қолға түскен күдіктіні әкетіп барады. Колорадо-Спрингс, АҚШ, 27 қараша 2015 жыл.

Полиция өкілдері атыс болған жерде қолға түскен күдіктіні әкетіп барады. Колорадо-Спрингс, АҚШ, 27 қараша 2015 жыл.

АҚШ-тың Колорадо-Спрингс қаласындағы отбасыны жоспарлау орталығында жұма күні болған атыс салдарынан үш адам қаза болған. Бірнеше сағат бойы полиция өкілдеріне қарудан оқ атып, қарсылық көрсеткен күдікті ер адам қолға түскен.

Қала билігі атыс барысында бір полиция өкілі мен екі азамат мерт болып, тоғыз адам жараланғаны туралы хабарлады. Полиция басқармасының айтуынша, күдікті бекінген ғимаратқа кірген полиция өкілдері оны қаруын тапсырып, берілуге көндірген.

Атысқа не себеп болғаны әзірше белгісіз. Полиция оқиғаның жай-жапсарын анықтап жатыр.

XS
SM
MD
LG