Accessibility links

Сахалинде танкерден теңізге мазут төгілді


Сахалиндегі Пригородное кентінің жағалауы. (Көрнекі сурет.)
Сахалиндегі Пригородное кентінің жағалауы. (Көрнекі сурет.)

Ресейдің Сахалин облысы Невельск қаласындағы жағалау бойын – шамамен бес шақырымға созылған аймақта қайырға киліккен «Надежда» танкерінен төгілген мұнай өнімдері жайылып кеткен. Бұл туралы Интерфакс агенттігіне «Экологическая вахта Сахалина» аймақтық қоғамдық ұйымының жетекшісі Дмитрий Лисицын хабарлаған.

Оның сөзінше, су бетінде мазут қабаты пайда болып, ауаға мұнай өнімдерінің иісі тарап жатыр. Теңізге төгілген сұйық отынды жинау жұмыстары әлі басталмаған. Ол үшін Невельскіге арнайы құрал-жабдығы бар «Экоспас» тобы келеді деп күтіп отыр.

Лисицын бұл оқиғаны экологиялық апатқа жатқызуға болмайды, бірақ бұл осы аймақтағы құстар мен теңізді мекендейтін тіршілік иелеріне зиянын тигізеді деп санайды.

Бүгін таңертең Сахалин облысындағы Невельск қаласына жақын маңда теңіздегі дауыл салдарынан үстіне 786 тонна сұйық отын тиелген «Надежда» танкері қайырға отырып қалған. Бір бөлігіне зақым келген танкерден теңізге сұйық отын төгілген. Экипаж мүшелерінен ешкім зардап шекпеген. Ресей тергеу комитеті бұл оқиғаға байланысты тексеру шарасын бастаған.

XS
SM
MD
LG