Accessibility links

Қазақстан ауыр атлетикадан әлем жарысында үшінші орында


Хьюстондағы әлемдік жарыста 105 келі салмақта чемпион атанған қазақстандық ауыр атлет Александр Зайчиков жеңімпаз тұғырында тұр.
Хьюстондағы әлемдік жарыста 105 келі салмақта чемпион атанған қазақстандық ауыр атлет Александр Зайчиков жеңімпаз тұғырында тұр.

АҚШ-тың Хьюстон қаласында ауыр атлетикадан аяқталған әлем чемпионатында екі алтын, екі күміс және бір қола жүлдеге ие болған Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте үшінші орын алды.

Хьюстондағы әлем чемпионатының қорытындысы бойынша қазақстандық ауыр атлеттер келер жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтетін жазғы олимпиада ойындарына толық құрамда (алты ер және төрт әйел атлет) қатысу құқығына ие болды.

Биылғы әлемдік жарыста Қазақстан құрамасынан Александр Зайчиков (105 келі) пен Нижат Рахимов (77 кило) әлем чемпионы атанды.

Алмас Өтешов (94 келі) пен әйелдер арасында сынға түскен Жазира Жаппарқұл (69 кило) күміс жүлдеге ие болды.

2014 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында 94 килограмм салмақта жеңімпаз атанған Жасұлан Қыдырбаев биыл Хьюстонда қола медаль еншіледі.

Ауыр атлетикадан әлемдік жарыста жүлде алған қазақстандықтар:

XS
SM
MD
LG