Accessibility links

Молдованың жікшіл аймағында сайлау өтіп жатыр


Приднестровье аймағының орталығы Тирасполь қаласында парламент сайлауына түсіп жатқан кандидаттардың плакаттары ілінген жерден өтіп бара жатқан адам. (Көрнекі сурет.)

Приднестровье аймағының орталығы Тирасполь қаласында парламент сайлауына түсіп жатқан кандидаттардың плакаттары ілінген жерден өтіп бара жатқан адам. (Көрнекі сурет.)

Молдованың өзін-өзі жариялап алған жікшіл Приднестровье аймағында бүгін парламент пен жергілікті билік орындарына депутаттар сайлап жатыр. Парламенттегі 43 орынға сайлану үшін 138 кандидат саяси бәсекеге түскен.

Ресейдің «Новости» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, парламенттегі орындар үшін негізгі саяси тартыс Приднестровье президенті Евгений Шевчукті қолдайтындар мен «Шериф» деп аталатын жергілікті ірі жекеменшік компанияны жақтайтындар арасында өрбіген.

Егер әрбір сайлау учаскесінде тізімге алынған сайлаушылардың 25 пайызы дауыс беруге қатысса, сайлау өткен болып саналады. Сайлауда жеңіске жету үшін кандидатқа қарапайым көпшілік дауысқа ие болу қажет.

Молдова билігі жікшіл аймақтағы бүгінгі сайлауды заңсыз деп санайды.

1990 жылы СССР құрамындағы Молдова республикасының Приднестровье аймағы өзін-өзі тәуелсіз деп жариялап алғанымен, халықаралық қауымдастық тарапынан қолдау тапқан жоқ.

Ресей Приднестровьеде өз әскерін ұстап отыр.

XS
SM
MD
LG