Accessibility links

Камерундағы шабуылдан бес адам мерт болған


«Боко Харам» басшысы Әбубакар Шекау (ортада) үндеу жасап тұр. Видеодан скриншот.

«Боко Харам» басшысы Әбубакар Шекау (ортада) үндеу жасап тұр. Видеодан скриншот.

Камерунның солтүстігінде сенбі күні болған жарылыстардан кемінде бес адам қаза тауып, 12 адам жараланған.

Жергілікті полиция жарылыстарды екі жанкешті жасөспірім қыз жасаған деп хабарлады. Билік өкілдерінің мәліметі бойынша, олардың бірі дүкен ішінде жарылғыш затты іске қосқан. Екінші қыз отбасыға шабуыл жасаған.

Ол екі қыз көршілес Нигериядан босқындармен бірге келген деген болжам айтылып отыр. Билік ол екеуінің «Боко Харам» исламшыл радикалдар тобымен байланысы болуы мүмкін деп күдіктенеді.

Нигерияда әрекет ететін «Боко Харам» экстремистері ол елмен бірге Камерун аумағында да шабуылдар ұйымдастырады. Бұл топ жанкешті ретінде жас қыздар мен әйелдерді пайдаланады.

XS
SM
MD
LG