Accessibility links

Ресейде тікұшақ апатынан төрт адам мерт болған


Ресейдің Красноярск өлкесінде апатқа ұшыраған Ми-8 тікұшағы. 26 қараша 2015 жыл.
Ресейдің Красноярск өлкесінде апатқа ұшыраған Ми-8 тікұшағы. 26 қараша 2015 жыл.

Ресейде бүгін тікұшақ апатынан төрт адам мерт болған. Ресей ішкі істер министрлігінің Ханты-Мансийск автономиялық аймағы бойынша басқармасының хабарлауынша, тікұшақ осы аймақтағы Кедровый кентінен жеті шақырым жерге құлаған.

Тікұшақта барлығы бес адам болғаны хабарланды. Бірақ, бесінші адамның тағдырына қатысты әзірше ешқандай ақпарат жоқ.

Ресей төтенше жағдайлар министрлігінің Ханты-Мансийск автономиялық аймағы бойынша басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, тікұшақ Тюменнен Ханты-Мансийскіге ұшып бара жатқанда апатқа ұшыраған.

Бұның алдында, қарашаның 26-сы күні, Ресейдің Красноярск өлкесінде Ми-8 тікұшағы апатынан 15 адам қаза тауып, 10 адам жарақат алғаны хабарланған еді.

XS
SM
MD
LG